Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Библиографиялық шолу "Ескерткіштер сөйлейді."
12 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Тлеужанова А.К. ұйымдастыруымен "Ескерткіштер сөйлейді" тақырыбында библиографиялық шолу өтті.
Оқушыларға еліміздің тарихи жәдігерлері Ахмет Яссауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Домалақ ана кесенесі және тағы басқа да кесенелер тарихы ұсынылып түсінідірілді. Оқушылар өздері білетін мәліметтерді де ортаға салды. Сонымен қатар табылып жатқан жәдігерлер туралы Акерке Қайырбекқызы түсінік бере отырып, оқушыларды жиналынған мәліметтермен таныстырды. Оқушылар Ұлы Отан соғысы батырларына қойылған және атақты ақын-жазушы, ғалымдарға қойылған ескерткіштер тарихы туралы өз білетіндіктерін айтып өтсе, Акерке Қайырбекқызы жаңа мәліметтермен толықтырып отырды.