Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Рухани жаңғыру
8-сынып оқушысы Шарипова Анель "білімнің кілті кітапта" атты қашықтықтан шығармалар сайысына қатысып жүлделі ІІ орын иегері болды
Интеллектуалды дамыту орталығының 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырған "Білімнің кілті кітапта" атты білімділер байқауында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Шарипова Анель ІІ орын иеленсе, 8-сынып оқушылары Каирбеков Еламан мен Амангельды Майра "Уақыт алтыннан да қымбат" байқауының алығс хат иегерлері болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерубаева Толеубике Макановна шығармашыл оқушыларды даярлағаны үшін мадақтамамен мараппатталды.