Әлжан орта мектебінде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің барысындағы «Өнеге отбасынан» тақырыбындағы сабақ өтті. Оқушыларға мұғалім отбасы тәрбиесі , дәстүрі жайлы мағлұмат берді.Сабақта оқушылар отбасы қадірі туралы өлеңдер оқыды , сурет салды, эссе жазды және «Сүйіспеншілік» атты қойылым қойды. Оқушыларға адами құндылықтар сараланып, мейірімділік әлеміне жол ашатыны аталды.