Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік»


    19-24 ақпан  аралығында Әлжан орта мектебінде   құқықбұзушылықтың  алдын алу «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты іс-шара жоспары құрылды.

    Жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар:

    1.Интерактивті тақта арқылы оқушыларға бейнебаяндар көрсетілді, оқушылардың ойы, көзқарастарын айтты.

    2.3-9 сыныптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» тақырыбында баяндама тыңдалды.

    3.5-6 сыныптар аралығында «Мен бейбіт елдің жеткіншегі» тақырыбында эссе жазылды.

    4.Волейбол жарысы өткізілді.

    5.3-4 сыныпта  «Ата Заңым-ардақтым» сынып сағаты өткізілді.

    6.Құқық қорғау қызметкерімен кездесу өткізілді.
             

    02.03.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки