Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    Наурыз-жыл басы

    21 наурыз күні мектебімізде "Наурыз-жыл басы" атты мерекелік іс шара өтті. оған ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен ата-аналара, ұстаздар қатысты.

    Наурыз мерекесі- жалпы мұсылман халқының жаңа жылы. Осы мерекеде мектеп оқушыларымен бірге ата-аналар, ауыл тұрғындары да осы мерекелік іс шараға қатысты. Ұлттық ойындар ойналынып, ата-аналар арасында арқан тарту, қол күресі сияқты ойындардан жарыс өтті. Мерекелік дастархан жасалынып, ән айтылып, би биленді     




                                                                                      .          
    02.05.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки