Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Мектеп музейі
Мектебіміздегі мектептің ардагер ұстаздарына және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған музей бұрышындағы материалдарын 7-8-сынып оқушыларына тарих пәні мұғалімі Ерубаева Толеубике Макановна таныстырып өтті.
Музейге саяхат барысында мектеп оқушылары мектебіміздегі қызмет атқарған ардагер ұстздар туралы мағлұматтар алды. Ауылымыздың еңбек ардагерлерімен танысып, олардың еңбек жолдарымен танысты. Ауылымыздың Социалистік Еңбек ері Кенжетау Рамазанов туалы материалдармен танысты. Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы мағлүматтар алып, өз білетіндіктерін ортаға салды.