Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Өз балаңа үлгі бола біл
Кезең кезеңмен өткізілген республикалық "Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар жиналысының берері мол. Ата-аналар анкеталық сұрақтарға жауап беріп өз ойларын білдірді.
Республикалық аата-аналар жиналысы мектеп директоры А.Т. Саринаның ата-аналарға арналған үндеу хатты оқумен басталды. Ата-аналармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңбері жүргізілді. Онда ата-аналар өз балаларына қандай жақтарымен үлгі бола алатындығын айта отыра ойланды. Слаид материалдары арқылы жұмыстар жүргізілді.