Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Достығы жарасқан Қазақстан
28 ақпан күні Әлжан негізгі мектебінде тарих пәнінен 1 наурыз алғыс айту күніне орай сыныптан тыс іс шара өткізілді.
Сыныптан тыс іс шара тарих пәні мұғалімі Ерубаева Т.М., практиканттар Асылбеков М. мен Мугжанов Айдардың ұйымдастыруымен "Достығы жарасқан Қазақстан" атты тақырыппен өтті. Іс шара барысында оқушыларға 1 наурыз алғыс айту күнінің шығу тарихына тоқталды. 2016 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен мерекелене бастылды. Қазақ жерін мекендегін басқа ұлт өкілдерінің сонау қиын заманда қазақ халқының кқрсеткен қамқорлығына деген алғыс айту күні екендігі түсіндірілді. Оқушылар өздерінің алғыстарын білдірді.